22 Қараша 2026, Жексенбі 12 Жумад ас-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 07:37
Бесін 12:05
Екінті 14:36
Шам 16:23
Құптан 17:56

Тамағымнан оқ тиіп, жұмаққа кірейін

Тамағымнан оқ тиіп, жұмаққа кірейін

Әбу Дайях(р.а) Пайғамбарымызға ﷺ келіп, кәлима айтып, бұдан бұлай Алла елшісінің қасында болғысы келетінін білдірді.

 Алғашқы қамалдар алынып, қолға түскен олжалардың біразы үлестірілгеннен кейін оғанда үлес тиді. Ол: - бұл не? Деп сұрады. Алла елшісінің сен үшін олжадан бөлген үлесі, - деп жауап берді. Өзіне берілген бұл заттарға ренжіген Әбу Дайях Пайғамбармызғаﷺкеліп: сұқ саусағымен мойнын көрсетіп, мен сізге осы үшін иман келтірген жоқпын, тамағымнан оқ тиіп, жұмаққа кірейін деп келдім, сол үшін иман келтіріп, сізге ердім, -деді. Алла елшісі: егер сөзің рас болса, Алла да сені растайды,- деп жауап берді.

Жорықта тамағына оқ тиіп, шейіт болған бір кісіні Алла елшісінің алдына әкелген кезде: Бұл Әбу Дайях па? – деп сұрады. Сахабаны шейіт еткен оқ тамағына қадылыпты. Жағдайды көргендер: Иә, деді. 

Сонда Пайғамбарымызﷺ :- Әбу Дайях рас айтыпты, Алла да айтқанын растады, деді. Сосын былай дұға етті: «Алла тағалам! Бұл сенің құлың әрі құлыңның баласы. Сенің жолыңда мұхажыр ретінде шықты жане шейіт болып, жан тапсырды! Оның куәсі менмін», -деді. 

 

Қанат Қалымбет