09 Шілде 2026, Бейсенбі 24 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 04:06
Бесін 12:25
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Пайғамбардың (ﷺ) анасы мен сүт аналары

Пайғамбардың (ﷺ) анасы мен сүт аналары

Пайғамбардың (с.а.с.) анасы Әмина бинт Уаһб ибн Абдманаф ибн Заһра. Меккенің ең текті әулеттерінің бірінен.

Сүт аналары: Оны ең бірінші өз анасы Әмина емізді. Сосын әкесімен бірге туысқан көкесі Әбу Ләһәбтың күңі Сәубия емізді. Әбу Ләһәб Пайғамбардың (с.а.с.)  туылуының құрметіне орай Сәубияны күңдіктен босатқан еді. Одан кейін құтты сәбиді Халима Ас-Сағдия емізді. Пайғамбар – сәби кіргеннен-ақ Халиманың үйіне бұрын-соңды болмаған құт-береке еніп, мамыражай тіршілік басталады. 

ummet.kz