09 Шілде 2026, Бейсенбі 24 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Бесін 12:25
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Салауат – періштелермен достыққа алып келетін ғибадат

Салауат – періштелермен достыққа алып келетін ғибадат

Мен пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат айтуды қайғыны кетіріп, уайымды сейілтетін, мұқтаждықты өтейтін ғылыми ақиқат деп санаймын.

Себебі оның сырын салауатқа берік адамдардан көрдім. Оның үстіне салауат – періштелермен достыққа алып келетін ұлы ғибадат.

Үбәй бин Қағб атты сахаба былай хабарлайды: «Мен Пайғамбардан: «Уа, Алланың елшісі! Саған қанша салауат айтқаным дұрыс екен?» - деп сұрадым. «Қалағаныңша айт» - деді. «Дұғаларымның төрттен бірін салауатқа арнасам бола ма?» - деп сұрадым. «Қалағаныңша арна. Бірақ, одан да көбірек айтсаң, сен үшін қайырлы болмақ» - деп жауап берді. «Олай болса, дұғамның жартысын салауатқа арнайын» - дедім. «Қалауың білсін. Бірақ одан да көп істесең, сен үшін қайырлы болмақ» - деді. Мен тағы да: «Олай болса, үштен екісі жеткілікті ме?» - деп сұрадым. «Қалағаныңша. Бірақ көбейтсең, сен үшін жақсы» - деді. «Ал, дұғаға арнаған уақытымның бәрінде саған салауат айтсам қайтеді?» - дегенімде: «Онда Алла барлық қиыншылықтарыңды жойып, күнәларыңды кешіреді» - деп сүйіншіледі.

материал Аслан Орақбайдың «Хәл» кітабынан алынды,

ummet.kz