18 Қыркүйек 2026, Жұма 7 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:20
Күн 05:49
Бесін 12:13
Шам 18:27
Құптан 19:55

Сахабаның хадис риуаятындағы орны

Сахабаның хадис риуаятындағы орны

1) Сахабаның хадис риуаят ету стилі


a. Тасаббут және тахарри

«Тасаббут және тахарри» араб тілінің сөздік қорында сұрастыру, тергеу, ақиқатын іздестіру және тексеру мағынасын білдірсе, хадис ғылымының терминдік ұғымында «сахабаның аса ықтияттылықпен әрі нақты пікірге тоқталмайынша, хадис риуаят етпеуі» деген түсінікті береді.

ә. Хз. Пайғамбардың (с.а.у.) атына жалған сөз айтудан қашу.

«Кімде-кім менің атыма жалған сөз айтса, тозақтағы орнына дайындала берсін!»

б. Хадис алу жолындағы сапарлар.

Мұны арабаша «рихлә» дейді. Бұл сапарлар алғаш рет сахабалардан бастау алды. Мұның мақсаты – түп негізінен білім алып, жоғарғы тізбек ұшына (иснат) қол жеткізу әдісі болып табылады.

Осы сахабалардың ең әйгілілері Әбу Аюб әл-Ансари (р.а.) және Жәбир бин Абдиллаһ (р.а.).

2) Риуаят еткен хадистердің саны

Риуаят еткен хадистерінің саны жағынан сахабалар екіге бөлінеді.

Муксирун  – мың және одан көп хадис риуаят еткен сахабалар

Муқиллун –  мыңнан неғұрлым аз хадис жеткізген сахабалар

Мың және одан көп хадис риуаят еткен сахабалар

1. Әбу Хурайра (5374 хадис; Қайталанып келген хадистерді қосқанда 1579 хадис)

2. Абдуллаһ б. Омар (2 630)

3. Хз. Айша (2210)

4. Әнәс б. Мәлік (2286)

5. Абдуллаһ б. Аббас (1660)

6. Жәбір б. Абдиллаһ (1540)

7. Әбу Сайд әл-Худри (1170) р.а..

3) Сахабалардың әр түрлі мөлшерде хадис жеткізулерінің себептері

a. Әр түрлі уақытта мұсылман болулары;

ә. Түрлі мерзімдерде Пайғамбардың жанынан табылуы;

б. Кейбіреулерінің ісі тек хадис риуаят ету еді;

в. Хадисті кейбірі хатқа түсірсе, кейбірі жатқа оқитын;

г. Кейбірі Пайғамбарымыздың дұға-тілегіне ие болған еді;

ғ. Қайтыс болуы мерзімдерінің әр қилылығы;

д. Дүниенің түкпір-түкпіріне тарыдай шашырап кетуі;

е. Ғылым үйретудегі қабілеттерінің әр қилы болуы; 62ж. Қажеттілікке байланысты хадис риуаят етулері;

з. Әр сахабаның риуаят еткен хадистері кітаптарға алына бермейді;

и. Кейбірінің іс басқару себебімен хадис риуаят етуге уақыт таппауы;

к. Қателік жіберу қаупінен қорқып, хадис риуаят етуден бас тартуы;

4) Сахабаның жарх және тағдил ғылымындағы алар орны

Сахабалардың кіршіксіз таза екендігі Құран және сүннетте аталып өткендіктен, барлығы да «әділетті» деп қабыл етілген.

материал «Хадистану» кітабынан алынды, 

ummet.kz