Абдулла Ибн Омар (р.а.) риуаят етті:
«Бір кісі: «Я Расулулла, түнгі намаз қалай оқылады?», - деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Екі-екі рәкаттан болады, таң атып кетеді ма екен, деп ойласа, бір рәкат оқып, үтір қыласың», - деді.
Ибн Аббас (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) түнгі намаздары 13 рәкат болатын. Әр екі рәкаттан соң сәлем беретін», - деді.
Масруқ (р.а.) риуаят етті: «Айша анамыздан Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) түнгі намаздары туралы сұрадым. Сонда Айша анамыз (р.а.): «Кейде 7 рәкат, кейде 9 рәкат ал кейбір кезде 11 рәкат болатын. Таң намазының 2 рәкат сүннеті бұған кірмейді», - деді.
Айша анамыз (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) түнде 13 рәкат намаз оқитын еді. Бұған үтір және таң намазының 2 рәкат сүннеті кірмейтін», - деді.
материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,
ummet.kz