02 Қазан 2026, Жұма 21 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:11
Бесін 12:09
Екінті 16:01
Шам 17:55
Құптан 19:21

Сәлем беру ыңғайсыздық туғызатын сәттер

Сәлем беру ыңғайсыздық туғызатын сәттер

Сәлем беру ыңғайсыздық туғызатын сәттер де болады. Ендігі кезекте бұларды да тізбелеп өтсек:

1. Алла Тағаланың көркем есімі аталатындықтан, лас жерлерде сәлем беруге болмайды;

2. Харам іс жасап жатқан кісіге сәлем берілмейді;

3. Құран оқып, хадис түсіндіріп, ағартушылық жұмыстары жүріп жатқанда сәлем берілмейді. Өйткені ондайда қайырлы істердің жалғасуына кедергі келтіруі мүмкін. Ал егер жоғарыда аталған қайырлы амалдар тоқтаса, ол кезде сәлем беруге болады;

4. Азан оқып жатқан, қамат айтып жатқан, намаз оқып жатқан адамға сәлем берілмейді;

5. Сәлемге жауап бере алмайтын жағдайда тұрған кісіге сәлем беру мәкруһ;

6. Жасаған күнәсін ашық айтып, онысымен мақтанатын кісіге сәлем беру мәкруһ;

7. Сәлем беріп, сәлем алу – достықтың белгісі және адамдар арасындағы жылы қатынастың белгісі.

материал «Көркем мінез» кітабынан алынды,

ummet.kz