24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Үйді адыраспанмен аластауға бола ма?

Үйді адыраспанмен аластауға бола ма?

Әр түрлі емдік мақсатта және сіз айтқандай жын-шайтанды аластау үшін де түтіндетіп жатады[2].

Жалпы, адыраспанды түрлі микроптарды аластау үшін дизенфекция ретінде қолдануға болады.  Оның жын-шайтанды аластайтыны немесе оның исінен жын-жыбырдың қашатындығы жайлы нақты шариғи дәлел жоқ. Ал ондай ерекшелігін тәжірибеге сүйеніп анықтау бөлек зерттеуді қажет етеді. Сондықтан, үйді жын-шайтаннан тазарту керек болса, Құран сүрелерін оқыған дұрыс. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Бақара сүресі оқылған үйден шайтан қашады», ­– дейді.

Тағы бір хадисте: «Үйлеріңді мазарға айналдырмаңдар (намаз, Құран оқып, Алланы еске алып отырыңдар)!  Шынында, Бақара сүресі оқылған үйге шайтан жоламайды» [3], – делінген.

 

[1] Қазақ тілінің әмбебап сөздігі
[2] http://kk.wikipedia.org/wiki/ Адыраспан
[3] Тирмизи, Фазаилуль Құран, 2877 хадис.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz