21 Қыркүйек 2026, Дүйсенбі 10 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:26
Күн 05:53
Бесін 12:12
Шам 18:20
Құптан 19:48

Ұмытылған сүннет: Айт намазына жаяу бару

Ұмытылған сүннет: Айт намазына жаяу бару

Әли ибн Әбу Талиб (р.а):

«Айт намазына жаяу бару және үйден шығар алдында бір нәрсе жеу  – сүннет», - дегені жеткізіледі (Әт-Тирмизи, No 530).

Имам әт-Тирмизи бұл хадиске түсініктеме бере отырып: «Ғалымдардың көпшілігінің пікірінше, бұл хадиске амал қылу келесідей болады: егерде үзірі болмаса, адамның айт намазына салт мініп бармай, жаяу барғаны жөн», - деді.

Шейх Юсуф әл-Бинори : «Ғұламалардың бірауыздан айтылған ортақ пікірі – айт намазына жаяу барған абзал. Омар ибн Абдулазиз, ән-Нахағи, әс-Сәури, әш-Шәфиғи және басқа ғұламалар бұған анық нұсқайды», - деп жазады («Мағариф әс-Сунан», 430/4).

материал «Ұмытылған 40 сүннет» кітабынан алынды,

ummet.kz