28 Шілде 2026, Сейсенбі 15 Сафар 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 04:28
Бесін 12:26
Екінті 17:46
Шам 20:13
Құптан 22:14

Ұмытылған сүннет: Киімді оң жақтан бастап кию

Ұмытылған сүннет: Киімді оң жақтан бастап кию

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) киім кию әдебін сақтаған.

Алла Тағаланы есіне ала отырып, киімді оң жағынан, ал шалбарды сол жағынан бастап кигенде: «Менің не күшім, не қуатым жетпейтін осы киімді маған беріп, кигізген Аллаға шүкір»-деп дұға қылатын. Ал жаңа киімді алғаш кигенде Алладан оның  қайырын және жамандықтан қорғауды сұраған.

Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Киінгенде және дәрет алған кезде оң жақтан бастаңдар», - дегенін жеткізеді (Әбу Дәуд, No 4141).

Бұл жерде тек қана киім, яғни, жейде немесе шалбар, туралы емес, сондай-ақ, аяқ киім мен мәсіге де қатысты айтылған («Әл-Мирқат», 409/2).

материал «Ұмытылған 40 сүннет» кітабынан алынды,

ummet.kz