18 Қыркүйек 2026, Жұма 7 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:20
Күн 05:49
Бесін 12:13
Шам 18:27
Құптан 19:55

Баласын пайғамбарға (с.ғ.с) ғашық еткен ана

Баласын пайғамбарға (с.ғ.с) ғашық еткен ана

Усайри бин Жәбир хазіреті Омардың қасына Йемендіктерден жәрдемге қосын келген сайын: «Араларыңызда Уәйіс ибн Амир бар ма?» – деп сұрайды екен.


Сөйтіп келушілердің арасынан Уәйіс ибн Амирды табады. Араларындағы әңгіме былай өрбіді:

– Сен Уәйіс ибн Амирсің бе?
– Иә, - деп жауап берді.
– Мұрат пен Қаранныңсың ба?
– Иә, - дейді.
– Бойыңда бір дирхам көлемінде алапес ауруы қалып, басқа жеріңнің барлығы жазылды ма? - деп сұрайды.
– Иә, - дейді.
– Сенің анаң бар ма?
– Иә.
– Мен Алла Елшісінің (с.ғ.с): «Сендерге Йеменнен алдымен Мұрат, кейін Қарани болған Уәйіс ибн Амир деген кісі керуенмен келеді. Оның денесінде алапес ауру болатын. Бір дирхам көлеміндей жерден басқасының бәрі жазылған. Оның бір анасы бар. Ол анасын қатты құрметтейді. Бір нәрсе үшін ант етсе, Алла оның қалаған нәрсесін орындап, антын мойнынан түсіреді. Егер одан өзің үшін истиғфар талап ете алсаң, талап ет» дегенін естідім» (Имам Муслим, Фазаилус Сахаба, 225).

Заманымыздың ең үлкен нығметтерінің бірі – кітаптардың көптігі және оған оңай қолжеткізе алуымыз. Мысалы, Пайғамбарымызға (с.ғ.с) қатысты кітаптарды іздейтін болсаңыз, алдыңыздан мыңдаған кітап шығады. Балаларға Пайғамбарымызды (с.ғ.с) жақсы көруге үйрететін кітаптарды да табуға болады.

Қазір сізге қызық сұрақ қойғым келеді. Сізге анаңыз Пайғамбарымызды (с.ғ.с) жақсы көруге үйрететін кітап алды ма? Мысалы, менің анам олай жасаған жоқ. Есесіне Пайғамбарға (с.ғ.с) деген махаббатты кітаптан гөрі ата-аналарымыздың Алла Елшісіне (с.ғ.с) деген ерекше ықыласынан үйрендік. Бір кітаппен Пайғамбарымызды (с.ғ.с) танып кете алмайтынымыз анық. Пайғамбарымызға (с.ғ.с) деген махаббатты ата-анамыздың көзінен, сөзінен, әдебінен ізделік.

Ұйықтар алдында анамыз, әкеміз айтып беретін ертегілер, қисса-дастандар, Пайғамбарлар туралы әңгімелер әлі күнге дейін есімізде сақтаулы. Сондықтан балаларға тек кітап емес, өзіміз айтқан насихат, қисса-дастандар да ерекше әсер ететінін ұмытпауымыз, ардақты оқырман.

материал «Ғалым тәрбиелеген аналар» кітабынан алынды, 

ummet.kz