13 Шілде 2026, Дүйсенбі 28 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:18
Күн 04:10
Екінті 17:55
Шам 20:30
Құптан 22:22

Әли (р.а) мен Фатиманың (р.а) тойына періштелердің қатысуы

Әли (р.а) мен Фатиманың (р.а) тойына періштелердің қатысуы

Берекесімен əркімді таңғалдырған ас желініп, тойға келгендер тарқаған соң, Үммі Сəлəманың басшылығымен əзірленген əшекеймен сəнделген келін түйесі үйдің алдына келді.


Түйені жетектеп, келінді үйіне алып барып бару міндеті Сəлман Фарисиге тапсырылды. Ол əзірет Фатима мінген түйенің жібін өмір бойы мойнынан тастамады. Əрдайым əзірет Фатимаға, əһл-бəйтқа қызмет етті.

Əзірет Фатима түйеге мінерде қатты толқыды. Жүзі күлімсіреп, көзіне жас алды. Бір жағынан əзірет Али секілді жігітке тұрмысқа шығу бақытына бөленіп қуанса, бір жағынан ата-анасының үйінен кететінін ойлап мұңайды. Əсіресе, осындай маңызды уақытта жанында аяулы анасының жоқтығы жанына қатты батты.

Алла елшісінің басқа əйелдері əзірет Фатима үйден шығарда: «Біз өмірімізде мұндай əдемі келін көрген емеспіз», – десті.
Сəлман Фариси түйені жетектеп жолға шыққанда, Расулалла ұзатылып бара жатқан қызының соңынан қарап тұрды. Əзірет Фатима жаңа үйіне келін болып бара жатқанда, жолда бір дауыс естіді. Жəбірейіл мен Микаил жетпіс мың періштемен тойға қатысқан еді. Періштелердің тəкбір айтқан дауыстары Арштан естілген (Ибн Манзур, Мухтасару Тарихи Димашқ,17\337).

материал «Сен керексің!» кітабынан алынды, 

ummet.kz