Некенің тек материалдық мүмкіндіктерге негізделгені туралы қате түсінік
Бұл да қате пікір. Неке ең алдымен ерлі-зайыптылар арасындағы сүйіспеншілік пен мейірімге негізделеді.
Жалығу
Бұл – ерлі-зайыптылар арасындағы сезімдердің жоғалуына әкелетін ең басты фактордың бірі. Жалығудың басты себебі – бір тарап оны сезініп, бірақ серігіне ашып айта алмауы. Сондай-ақ жұмыспен шектен тыс айналысу, арақашықтықтың артуы, махаббатқа берген уәдені орындамау мен өзге де факторлар жатады.
Шешім:
Ерлі-зайыптылар бір жанды екі дене сияқты болуы керек. Әйел – еркектің айнасы, ал қиындықта олар біртұтас дене секілді. Егер дененің бір мүшесі ауырса, бүкіл дене оған жауап береді. Бұл олардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен мейірімін көрсетеді. Мұны Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деп түсіндірген: «Мүміндердің бір-біріне деген сүйіспеншілігі, мейірімі және жанашырлығы біртұтас дене тәрізді. Егер оның бір мүшесі ауырса, бүкіл дене мазасызданып, ыстығы көтеріледі» (Бұхари, Муслим).
Алла Тағала Құранда: «Олар сендердің киімдерің, сендер де олардың киімдерісіңдер», – деген. (“Бақара” сүресі, 187-аят).
Ерлі-зайыптылар арасындағы махаббат алмасу олардың байланысын нығайтады. Махаббат мейірімділік пен сүйіспеншілік, құрбандық, жанашырлық, сыйластық, адалдық пен беріктік сияқты сезімдерді қамтиды.
Махаббат – Алланың адамдардың жүрегіне салған табиғи қасиеті. Ер мен әйелді байланыстыратын мықты жіп. Бұл – ерлі-зайыптылардың өмірлік қиындықтарын бірге жеңуге көмектесетін қуатты құрал. Махаббат өмірлік серіктестік жақсарған сайын арта түседі. Жыныстық құштарлық ауырғанда не қартайғанда әлсіреуі немесе жойылуы мүмкін. Бірақ нағыз махаббат мұндай жағдайларға тәуелді емес. Оған ешнәрсе әсер етпейді.
Екі маңызды қағида:
1. Отбасының негізі сүйіспеншілік пен мейірімге құрылады.
2. Отбасының құлдырауы сезімдердің суынуынан басталады.
Сондықтан отбасындағы жағдайды тыныш, тұрақты және сүйіспеншілікке толы етіп сақтау қажет. Махаббат пен жылулықты үздіксіз жаңартып, оны сақтауға көңіл бөлген жөн. Ерлі-зайыптылар арасындағы махаббатты өсіру керек. Бұл Алла разы болатын адал және таза махаббат.
материал «Халал сиқыр» кітабынан алынды,
ummet.kz