08 Қазан 2026, Бейсенбі 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:21
Бесін 12:07
Екінті 15:49
Шам 17:42
Құптан 19:08

Ең абзал іс

Ең абзал іс

«Кім Аллаһқа (С.Т) қияметке сенсе, жақсы сөз айтсын немесе үндемесін» деген хадисті естіген бала үндемей қояды.

 

Әкесі дәрігерге қаратады. Ол: «Балаңның ешқандай ауруы жоқ, бірақ зеріккен болар,серуендет» дейді.

Серуендеп жүргенде шиқылдап қоймай қойған тотықұсты әкесі ұстап алып, торға салып қояды. Сонда бала тотықұсқа: «Сен үндемей-ақ, шиқылдамай-ақ қойғанда тор-қапасқа түспес едің» дейді. Мұны әкесі естіп қояды да: «Сен сөйлей алады екенсің ғой, адамды құр босқа әуре-сарсаңға түсіріп жүр екенсің ғой» дейді де, баласын шапалақпен тартып жібереді.

Сонда бала: «Мен сөйлемесем, мен де пайда табатын едім, сөйлеймін деп таяқ жедім»деген екен.