24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Сауапты жұтқан «ораза»

Сауапты жұтқан «ораза»

Отыз жыл ораза ұстаған адам бiрде құдық басына келiп, су алу үшiн кезекке тұрады. Ол кезек қанша үлкен болса да, таласып-тармаспай сабыр сақтап тұрғанда, кезектiң соңғы жағынан бiреу айқайға басып:

- Мен бүгiн оразамын! Кезек берiңдер. Қарным ашты,шөлдедiм! — деп шу шығарады.

Әлгi айқайшы әр адамға соны айтып,бiр-тiндеп алға жақындай бередi.Отыз жыл бойы ораза ұстаған кiсi басында мән бермей тұрғанмен,бiр кезде шыдамы таусылып:

- Әй, бауырым, егер ораза тұтқанға жол беру керек болса, отыз жыл бойы ораза тұтқан мен бiрiншi алуым керек емес пе? Сен неге бiр күн тұттым деп, елдi қырып кете жаздап тұрсың?! — деп ашуланыпты.

Сонда әлгi кiсi қарқылдап күлiп жiберiп:

- Саған отыз жыл бойы сөзiм өтпеп едi. Ендi мiне, оразаңды мiндет қылып, бар сауабыңнан айырылдың. Маған да керегi осы едi, — деп шайтан көзден ғайып бопты.