08 Қазан 2026, Бейсенбі 27 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:21
Бесін 12:07
Екінті 15:49
Шам 17:42
Құптан 19:08

Құлшылықпен өткен түндер

Құлшылықпен өткен түндер

Бірде аулада ойнап жүрген балалар Имам Ағзамды көргенде, бір-біріне: «Мына кісі таңға дейін ұйықтамай құлшылық жасайды екен», – дейді.

Имам Ағзам болса, ақшамнан таң арайлағанға дейін емес түннің бір бөлігін ғана ғибадатқа арнаушы еді. Балалардың сөзін естігенде, көңілі босап:

– Раббым, бұл сөзді балалардың аузына салған Сенсің. Олар періштедей сәби ғой. Ант етейін, енді өмірімнің соңына дейін түндерімді толықтай Саған құлшылыққа арнаймын! – дейді.

Осыдан бастап қырық жыл бойы құптан намазының дәретімен таң намазын оқыған деседі.

Құдайберді БАҒАШАР