24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

«Адамдардың зиянынан қалай аман қаламын?»

«Адамдардың зиянынан қалай аман қаламын?»

«Ал керісінше, көпшілікке қарсы мағынадағы сөздерге келетін болсақ, Алла Тағала былай дейді: «Құлдарымның арасында лайықты түрде шүкіршілік ететіндер неткен аз еді»» ("Сәбә", 13).

Адамдарға көп сенім артпа. Имам Ахмад Хатим Әл Асымға: «Адамдардың зиянынан қалай аман қаламын?» – деп сұрақ қояды.

Сол кезде ол: «Сенде не бар болса, соны бер! Ал олардан ешнәрсе алма. Сөйтіп, олар саған зиян берсе де, сен оларға зиян бермейсің. Олардың қажеттілігін өтейсің, оларға мұқтаждығыңмен жүк салмайсың», – деп жауап береді.

Сол кезде Имам Ахмад: «Былай істеу қиын», – деп айтады.

Сонда ол: «Бейшара, сол кезде ғана аман қаласың!» – дейді.

материал Қанат Байбосынұлы, Аслан Орақбаевтың «114» кітабынан алынды,

ummet.kz