08 Қазан 2026, Бейсенбі 27 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:55
Күн 06:21
Бесін 12:07
Екінті 15:49
Құптан 19:08

Ақылды адам немен айналысуы керек?

Ақылды адам немен айналысуы керек?

Ақылды деп өз пайдасын, зиянын білетін адамға айтылады. Дүниелік табыстарын ойланғандай, ахиреттік табыстарын да ойланатын адам – ақылды.

Ақылды адам немен айналысуы керек? Дәуіт пайғамбар (Алланың оған сәлемі болсын) былай деген: «Зәбур» кітабында мынадай нақыл бар: «Ақылды пенде үш нәрсемен айналыссын: ақыретіне азық дайындасын, осы дүниенің тіршілігін қылсын, рахат-ләззатқа адал жолмен жетсін».

Бауыржан Әлиұлының жазбасынан