24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Аллаға құлшылық етудің үш бөлігі

Аллаға құлшылық етудің үш бөлігі

Әрқашан Алланың құзырында болу деген сөз – Алланың барлық әміріне дайын болу.

Ал адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу дегеніміз, өз қалауыңды оларға міндеттеп қою емес, керісінше, егер шариғатқа қайшы келмейтін болса, олардың қалауын өзіңе міндет қылып алу.

Сен менен, Аллаға құлшылық ету – «ұбудият» жайында сұрап едің. Оның үш бөлігі бар:

Біріншісі – Шариғат заңдарын орындау.

Екіншісі – Алланың берген ризығымен тағдырына риза болу.

Үшіншісі – Алланың ризашылығын іздеу жолында, нәпсісінің ләззаттауына жол бермеу.

материал «Ұлыма өсиет» кітабынан алынды,

ummet.kz