24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Кері қайтарылмайтын, жылдам қабыл болатын екі дұға

Кері қайтарылмайтын, жылдам қабыл болатын екі дұға

Бұл амал – өзгеге жақсылық тілеу арқылы, өзіңізге де жақсылық  тілеуді, жүректі тазартуды, мұсылмандармен бауырластықты нығайтуды насихаттайды.

Муслимнің сахих хадистер жинағында мынадай хадис бар: «Мұсылманның мұсылманға жасаған дұғасы қабыл болады. Мұсылман бауыры үшін тілек айтқанда, періштелер: «Әумин, Алла саған да бауырың үшін сұрағаныңды берсін» дейді екен.

Ал Бұхари: «Ең жылдам қабыл болатын дұға – мұсылманның бауыры үшін жасаған жасырын дұғасы» деген хадисті келтіреді. Бұл – оның көзінше жасалған дұғадан да артық.

Сонымен қатар, Тирмизи «Екі дұғаның Алламен арада бөгеті болмайды.

Біріншісі  – жәбір көрген адамның жасаған дұғасы.

Екіншісі – мұсылманның бауыры үшін жасаған жасырын дұғасы» деген хадисті келтіреді.