24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Маған неге әкелдің?

Маған неге әкелдің?

Хасан Басриге (Алланың рахымы болсын) бір кісі келіп:

- Пәленше сізді жамандады, сіз туралы мынадай-мынадай орынсыз нәрселерді айтты, - дейді. Хазіреті Хасан Басри:

- Сен бұл сөздерді сол кісінің өз аузынан естідің бе? - деп сұрайды. Әлгі кісі:

- Иә, мені қонаққа шақырған болатын, дастархан басында сіз туралы осы нәрселерді айтты», - дейді.

- Дастарханда не бар еді, сені қалай күтті, жақсы ішіп-жедің бе?

- Ооо, дастарханда әртүрлі сусындар мен етті тағамдар болды, қонақжай кісі екен, жақсы ішіп-жедік, - дейді. Сонда Хасан Басри (Алланың рахымы болсын):

- Осыншама тағамдарды ішіңе сыйдырып, екі ауыз сөзді ішіңе сыйдыра алмай маған неге әкелдің?» - деген екен.