16 Қазан 2026, Жұма 5 Джумада әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 05:08
Күн 06:34
Екінті 15:34
Шам 17:25
Құптан 18:51

Маған Алладан қорқуға себеп болатын кеңес бересіз бе?

Маған Алладан қорқуға себеп болатын кеңес бересіз бе?

Тақуа бір кісі былай деп түсіндіреді:

«Бір күні қонақтарым келді. Қонақтардың аузы дұғалы, әулие кісілер екенін түсіндім. Мен оларға:

Маған Алладан қорқуға себеп болатын кеңес беріңіздер, - деп өтіндім. Олар:

Мына алты нәрсеге назар аударуға кеңес береміз:

- Көп ұйықтайтын адам жүрегінің тазартылуын (яғни, аяттардың, хадистердің, уағыздардың әсерінен) күтпеуі керек.

- Көп жейтін адам түнгі ғибадатқа тұруды күтпеуі керек.

- Залымға жақын болып, онымен бірге болған адам дініңізде тұрақтылық күтпеңіз.

- Өтірік айтуды, ғайбат айтуды әдетке айналдырған адам дүниеден иманмен кетуді, яғни иманмен өлуді күтпеуі керек.

- Адамдармен көп уақыт өткізетін кісі ғибадаттан ләззат алуды күтпеуі керек.

- Адамдардың разылығын алғысы келген адам Алланың одан разы болуын күтпеуі керек». (Рухул Баян 5/341)

материал «Ғибрат тайм» кітабынан алынды,

ummet.kz