22 Қараша 2026, Жексенбі 12 Жумад ас-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 07:37
Бесін 12:05
Екінті 14:36
Шам 16:23
Құптан 17:56

Жәннат кілтінің тістері

Жәннат кілтінің тістері

Бір күні Баязит Бистами әулиеден:

– «Лә иләһа иллаллааһ» сөзі - жәннаттың кілті», - деген хадисті қалай түсінесіз?», - деп сұрайды, ол былай деп жауап береді:

– Хадис – сахих. Бірақ, сол кілттің тістері болмаса, есік ашылмайды. Жәннаттың кілті «Лә иләһа иллаллааһ (Алладан басқа тәңір жоқ)» сөзі болса, мына төрт нәрсе оның тістері:

1. Жалған және ғайбат айтпаған тіл;

2. Алдамайтын және қиянат жасамайтын жүрек;

3. Күмәнді және харам нәрселерді жемейтін асқазан;

4. Бидғат және нәпсінің қалаулары араласпаған салих амал», - деп жауап беріпті.

Дайындаған: Қуат Қабдолда

ummet.kz