Ислам шариғатында түнде зиратқа баруға болады, оның күнәсі да, зияны да жоқ. Бастысы зират басы қауіпсіз болғаны жөн. Қауіпті болса немесе айдалада орналасқандықтан қорқып қаламын десе, күндіз барғаны абзал.
Ислам тарихы
«Мүмінге кенеттен жеткен ажал – тыныштық, күнәһар үшін – қайғының басы»
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Мүмінге кенеттен жеткен ажал – тыныштық, ал күнәһар үшін – қайғының басы».
Құран жаттаудың рахатын білген адамға барлығы жеңіл
Жетістік жолы – қиын емес. Талпынсаңыз Алла береді. Тек талап етілетіні – әрекет.
«Отқа май құю» жоралғысы дұрыс па?
Кейбір деректерде "отқа май құю рәсімі отты құдірет тұтуға байланысты қалыптасқан дәстүр" делінген. Осыған қарағанда, отқа құйылған майдың қоңырсыған иісінен екі жақтағы аруақтар риза болып, екі жасты әрдәйім желеп-жебеп жүреді екен. Бұндай түсінік шариғатымызға теріс. Сондықтан бұл жоралғылар осындай ниетте, осындай түсінік пен сенімде жасалатын болса, онда оның күнәсі бар.
«Мен де сенің дініңе кіргім келеді…»
Қонақ күтуді өте жақсы көретін Ибраһим пайғамбарға бір апта бойы ешкім келмейді. Жан-жақтан қонақ іздейді. Ақырында, қырдан ақ сақалды қарт адамды көреді. Қарияның жағдайын сұрайды.
«Әр мұсылманға келген өлім – күнәсінің өтелуі»
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мн сәлемі болсын) былай деген: «Ләззаттарды күйретуші әрі ауызды қуырушы (дәмдерді жоғалтушы) өлімді жиі еске алыңдар!».
«Біз қанша дұға етсек те, дұғамыз қабыл болмайды»
Ибраһим ибн Әдһамнан «Маған дұға етіңдер, (тілектеріңе) жауап беремін» (Ғафыр, 60) деген аят туралы «Біз қанша дұға етсек те, дұғамыз қабыл болмайды» деп сұрағандарға былай депті:
Исламда әйел мен ер бір-бірімен «ассаләмуғалейкум» деп амандаса ала ма?
Мұсылман әйел мен мұсылман ер адамның бір-бірімен сәлемдесуін ескілікті кейбір Ислам ғалымдары «егер бүлік туындамайтын болса рұқсат» деген. Ал егер, мысалы, амандасу арада (еркекте немесе әйелде) бөтен ойлар тудыратындай күй жаратса, амандаспаған жөн деген сөз.
Алла Тағаланың Пайғамбарымызға берген (с.ғ.с.) бес кереметі
Жамиғы мұсылман ғұламаларынан:
Құрамында ГМО-сы бар азық-түліктер халал ма?
Гендік модификацияланған ағза деп (ГМА) – гендік инженерия әдістерінің көмегімен жасанды түрде генотипі өзгертілген тірі ағзаны айтады. Генетикалық өзгерістер ғылыми және шаруашылық мақсатта жасалады. Ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өнеркәсібінде ГМА ретінде геномына бір немесе бірнеше трансгендер енгізілген организмдер жатады. Мысалы, қызанаққа камбала балығының генін қосу арқылы суыққа төзімді және ерте қызаратын өнім алады.
Сыйлық сыйлаған адамға сіз де сыйлық беріңіз
Имамға бір танысы сыйлық жібереді. Имам артынша оған да сыйлық жібереді. Бұған өкпелеген танысы бір кездескенде: