30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Түсінде бақилық болған жақынын көру нені білдіреді?

Қазақ халқында түсіне қайтыс болған жақыны кірсе: «құран дәметіп жүрген шығар» - деп, әруағына Құран бағыштап, атынан жеті шелпек таратып жатады.

Саудамен айналысқан адам тауарына қанша пайыз қосып сата алады?

Зат алып, оның үстіне ақша қосып сатуға шариғат рұқсат етеді. Дәлел ретінде хадис кітаптарында орын алған мына бір риуаятты келтірсек болады. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) заманында Ъура Бариқи (әл-Бәриқи) есімді сахаба болған.

Сауда әдебіне қатысты түрлі хадистер

Әбу Һурайра (р.а.) айтады: Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: «Аллаға ең ұнамды мекендер – мешіттер. Аллаға ең ұнамсыз мекендер – базарлар».

Сауда-саттыққа қатысты кісі ақысы түрлері

Исламда тыйым салынған сауда-саттыққа қатысты ешқандай да мəміле мен заңдар қарастырылмайды. Сауда қатынастарында тараптардың нендей тауарды қалай жəне қандай шарттармен сатқаны жəне сатып алғаны мəлім болуы тиіс. Жəне де адам баласына зияны бар заттарды саудалауға да жол берілмеген.

Алла Елшісі (с.ғ.с) Ережеп айын қалай өткізген?

Қасиетті Құранда: «Алланың көктер мен жерді жаратқан күні жазған үкімі (орнатқан заңдылығы) бойынша айлардың саны – он екі, олардың төртеуі – харам айлар. Міне, (адамзаттың игілігі үшін) ең дұрыс әрі мінсіз жүйе – осы. Ендеше, бұл айларда (яғни, қасиетті айларды құрмет тұтпай немесе орнын ауыстыру арқылы) өз-өздеріңе қиянат жасамаңдар», – делінген («Тәубе» сүресі, 36-аят).

Сауабы марқұмға сөзсіз тиетін 5 амал

Ибн Омар (р.а.) келтірген хадисте: «Расында, сендердің бірің қайтыс болса, оған күндіз және кешке орны көрсетіледі. Егер жәннаттық болса, жәннат иелері қатарынан, ал тозақтық болса, тозақ иелері қатарынан. Сөйтіп оған: «Бұл – Алла сені қиямет күні қайта тірілткенге дейінгі орның»,– деп айтылады (Муслим 4/2199; Бұхари 3/1184). Сондықтан да, шынайы мүмин қабір басына барғанда жүрегі жібіп, жанарына жас келіп, қайтар жерім қара топырақ дейді. Расында, барлық тіршілік ажал құшып, өлері хақ.

Діни тұрғыда болашаққа жоспар құруға бола ма?

Діни тұрғыда болашаққа жоспар құруға болады. Оның еш ағат тұсы жоқ. Мұсылман адам келешекке жоспар құрып, Аллаға тәуеккел етеді және сол жоспары бойынша әрекет қылады.

Неге Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Қыс мезгілі – суық олжа» деген?

Қыс мезгілі – қар, суық және аяз. Тоңғаннан бүрісіп жүрген адамдар. Аязы қатты, ал қары қалың жауатын солтүстік аймақтарда қарға тығылып шыға алмай жатқан көліктер. Қатты аяздан көлігін оталдыра алмай жатқан шопырлар т.б. – қыс дегенде жалпы ойға келетін осы нәрселер. Дейтұрғанмен, қыс мезгілінің пайдалы тұстары да аз емес. Бүгінгі жазбамызда қыс мезгілінің сондай бір тұсын, дәлірек айтқанда бір мұсылман үшін пайдалы болар жөнін айта кетсек деп отырмыз.