30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Амалда орта жолды ұстанудың маңызы

Айшадан (Алла разы болсын): «Пайғамбар (с.ғ.с) бір амал істеп, оны істеуге рұқсат береді. Бір топ сахаба оның берген рұқсатын пайдаланғысы келмейді. Мұны естіген Пайғамбар (с.ғ.с) хұтпа оқып, Алла Тағалаға мақтау айтып: «Бір топ адамға не болған, менің ісімнен бас тартатындай не көрінді оларға?! Алламен ант етемін, расында, мен Алланы олардан да жақсы танимын әрі оларға қарағанда Алладан қатты қорқамын», - деді (Бухари, Муслим).

Неліктен кейбір жылы 29 күн, кейбір жылы 30 күн ораза тұтамыз?

Ислам әлемінің жыл санағы ай есебіне негізделетіні көпшілікке белгілі. Осыған орай Рамазан айы туғанда мұсылман жұрағаты Алла Тағаланың разылығы үшін таң сәрісінде аузын бекітіп, ораза тұта бастайды. Шәууал айы туғанда ауыз бекітуді аяқтап, Ораза айт мерекесін тойлайды. Бұл жөнінде Хақ Елшісі (с.а.у): «Рамазан айын көрсеңіз, ауыз бекітіңіз. Шәууал айын көргенде аузыңызды ашып, Ораза айтты мерекелеңіз. Бірақ, Шәууал айының туғанын бұлт көлегейлеп көрсетпесе, Рамазан айын отыз күнмен толықтырыңыз» (Ибн Мәжа, Сиям: 7) деген болатын.

Ислам дінінде әйел теңсіздігі бар ма?

Жасампаз әлеуетке ие дәстүрлі діндерге «әйел теңсіздігі» ұғымы мүлде жат. Жалпы, әйел тақырыбы, соның ішінде дін және әйел мәселесі қай қоғамда, қай кезеңде болмасын өзіндік маңызға ие болған. Әрбір дін әйел затының отбасындағы, қоғамдағы орны мен құқықтарына қатысты өзіндік көзқарасын білдірген. Соның ішінде әйелдер қауымының құқықтарын ерекше жоғары деңгейге көтерген және оның отбасындағы міндеткерліктерін белгілей отырып, қоғамдағы орнын айқындап берген ислам діні өзге діндерден оқ бойы озық тұрады. Ислам негіздері бойынша ерлер мен әйелдер Алла алдында тең, яғни пенде ретіндегі міндеткерліктері бірдей. Мұхаммед пайғамбар хадистерінде отбасылық қатынастарда әйел затына мейіріммен, құрметпен қарау насихат етіледі.

«Хиджаб» туралы аяттың тәпсірі

Ханафи мәзһабы бойынша, «Әйел адамның денесі түгелдей – әурет (жабылуы тиіс жерлер).Тек қана жүзі, қолы мен аяғы (табаны) әурет болып саналмайды. Алла Тағала: «Мүмін әйелдер зинатын (ұятты жерін) ашпасын! Сондай-ақ еріксіз көрінетін жерлерінен тыс...» (Нұр сүресі, 31-аят) деген.

Ысырап ету және оның түрлері

Ысырап – байлықты бей-берекетсіз шашып, зая кетіру, мейлі дүниелік мүбах іске болсын, не діни іске болсын лайықты түрде жұмсай алмау. Кейде адам дүниені бұзып, сындырып, жарамсыз күйге түсіреді. Ал кей жағдайда егін мен ағаш өнімдерін термей, өнім бүлініп жатады.

Уағыз-насихат тыңдаудың әдебі

Әбу Уақид әл-Ләйсиден (Алла разы болсын) риуаят етілген хадисте былай делінеді: «Бір күні Алла елшісі (с.ғ.с) сахабаларымен мешітте отырған еді. Кенеттен үш адам кіріп келді. Олардың екеуі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) жанына келді, ал біреуі шығып кетті. Екеудің бірі адамдар арасындағы бос орынға, екіншісі арт жаққа барып отырды. Уағызын бітірген Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай деді: «Мына үш кісі жөнінде айтайын ба? (Үш кісінің) біріншісі Алладан пана тіледі. Алла да оны өз панасына алды. Екіншісі кері қайтудан ұялды. Алла да одан ұялды. Ал үшіншісі болса теріс бұрылып кетті. Алла да одан теріс бұрылды» (Бухари, Муслим, Тирмизи, Ахмад ибн Ханбал).

Тақуалықтың артықшылығы туралы хадистер

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Әбу Зарға (Алла разы болсын): «Ақиқатында, тақуалықпен озбасаң, қызыл нәсілдіден де, қара нәсілдіден де артықшылығың жоқ», – деп айтқан (Ахмад).