30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Құранның сүннетке мұқтаждығы

Риуаят етілгеніне қарағанда, Мәкһул (ө. 110/728) «Құранның сүннетке мұқтаждығы, сүннеттің Құранға мұқтаждығынан артығырақ» деген. Басқа бір риуаятқа қарағанда Яхя ибн Әби Кәсир (ө. 132/749) Құран сүннетке үкім ете алмаса да сүннеттің Құранға үкім ететіндігін айтқан.

Баласы өмірден озған кездегі ата-ананың айтуы тиіс сөздері

Егер әлдекімнің баласы немесе жақын адамы қайтыс болар болса, ол былай деп ойлауы қажет: «Расында, барлығымыз жолаушымыз. Ол бізден озып, барлығымыз баратын жаққа кетіп қалды».

Алла Тағаланың құмар ойынды харам етуіндегі хикметтер

Ислам діні көптеген пайдалы ойындарды халал деп, ал кез-келген құмар ойыны араласқан ойындарды харам еткен. Құранда Алла Тағала: «Ей, иман келтіргендер! Арақ, құмар, тігілген тастар (пұттар) және бал ашатын оқтар лас және шайтанның істерінен» («Маида» сүресі, 91 аят) дейді. Сондықтан құмар ойыны арақпен бірге айтылғандықтан арақтың бауыры болып саналуда.

«Халал су» ішпегендердің барлығы харам су ішіп жүр ме?

Қазіргі таңда «халал су» деген пайда болды, ол қаншалықты дұрыс сөз? Сол «халал судан» ішпегендердің барлығы харам су ішіп жүр ме?

Сүннеттің Құранға сәйкестігі

Сүннеттің қойған үкімдерін Құранға салып көріпоған сәйкес келетіндігін зерттеу мәселесінде кейбір әлсіз рауилерден жеткен хадистердің ешқандай дәлелі жоқ. Шафи хадистерді тәрк ететіндердің мына риуаятты алғатартатындықтарын айтады: «Менен сендерге жеткен сөздерді Құранмен салыстырыңдар. Құранға сәйкес келетіндерін мен айтқанмын, сәйкеспейтіндер менің сөзім емес».

Бақытқа апаратын жол: Тілдің таза болуы

Алла Тағала айтады: «Әй, иман келтіргендер, бір адамдар екінші бір адамдарды мазақтамасын, мүмкін олар аналарға қарағанда жақсы болар, сондай-ақ әйелдер де басқа бір әйелдерге күлмейтін болсын, мүмкін олар аналарға қарағанда жақсы шығар. Кемшілік іздеп, өздеріңе нақақтан жала жаппаңдар және бір-бірлеріңді сөгіс атаулармен қорламаңдар» («Хужурат» сүресі, 11-аят).

Өлім алдында жатқан адамға айтылуы тиіс сөздер

Ажал алдында жатқан адам кәлима-шахадаттың сөздерін айтуы керек. Оның қасында отырған адамдардың да кәлима сөздерін баяу дауыспен айтып, есіне салып отырғандары дұрыс болады. Адам ол сөздерді шын көңілімен айтып, Алла Тағала жайында жақсы ойда болуы керек. Бұл жағдайға қалай жету керектігін мына хадистен білеміз Алланың Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, айтқан: «Үш жағдайда хәл үстінде жатқан адамнан алыстамаңдар: маңдайын тер басқан кезде, көзінен жас аққан кезде немесе еріндері кебе бастаған кезде. Бұл үшеуі де Алланың құлына танытқан мейірімінің белгісі. Бұл – Алланың оған деген жіберген Мейірімі.  Алайда адамның дауысы қылқынған секілді қырылдап, оның жүзі қызарып, немесе бозарып, ал еріндерінен дақ байқалса, ол Алланың оған түскен азабының белгісі».