29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Жүрегіңізде мөр барын білесіз бе?

Дінімізде кейбір жандардың жүректерінің мөрленгендігі жайында айтылады. Мөрленген деген сөздің мағыналық шеңбері – иманға құлақ асып, жүрегі жібімейтін, хақ жолды теріс деп санап, өз пікірінен әсте танбайтын жандар деген ұғымды қамтиды. Осыдан келіп, санамызда «шындығында да пенденің жүрегіне мөр басылып, содан ол мәңгілік кәпір бола ма екен?» деген заңды сауал қылаң береді.

Ислам дінінің адам құқықтарына деген зор құрметі

Мұсылмандардың Меккеден Мәдинаға сапар шеккен ұлы көш – хижреттің он жетінші жылы. Ел басқарып отырған халифа Омар келімді-кетімді кісі көп болғандықтан, Пайғамбар мешітін кеңейтпек болды.

Алла Тағаланың алдына шығып есеп беруге ұялмайсың ба?

Рухани алып Хасан Басри бір күні жолдастарымен жолда кетіп бара жатып, елге танымал жоғарғы шенді бір төренің баласын жолықтырыпты. Елге үкімі жүріп тұрған басшының баласы маймаңдаған боз жорға үстінде бір топ қызметшілерімен сырнайлатып кернейлетіп кетіп бара жатса керек.

Алла Тағалаға оралған кезде кімді жеңбексің?!

Мұса пайғамбардың халықты бір ғана Аллаға илануға бағыттайтын тәухид сеніміне үгіттеуі нәтижесінде перғауын балқып-шалқып отырған қазіргі мына сән-салтанатымнан айрылып, жер сипап қалармын деп қорықты.