«Содан кейін теріс айналды да, тәкәппарлық етті...» («Муддассир», 23)
Әлсіздігі себепті күнә жасайтын адам мен тәкәппарлығы себепті күнә жасайтын адамның арасында үлкен айырмашылық бар. Күнә жасап қойған адамға насихат айтқаннан кейін саған: «Маған дұға етіңізші, мен шәһуатқа берілдім, шайтан сыбырлады, нәпсімді ұстай алмай қалдым», – деп айтқан адам күнә жасап қойып, сенің насихатыңа: «Мұнда тұрған не бар? Бұл өмір бір рет қана беріледі, одан барынша рахат ал», – деп айтқан адамға ұқсамайды.
Бірінші рет күнәға тәубе етіп, Аллаға қайту жеңіл. Себебі бұл жердегі мәселе күнә жасаған денеде. Ал екінші рет Аллаға қайту ауыр, себебі мәселе жүректе. Суфиян ибн Ғуиәйна былай дейді: «Кімде-кімнің күнәсі нәпсі қалауы себепті болса, оған жақсылық тіле! Кімде-кімнің күнәсі тәкәппарлығы себепті болса, одан үрейлен!
Себебі Адам пайғамбардың күнәсі нәпсі қалауы себепті болғандықтан кешірілді, Ібілістің күнәсі тәкаппарлықтан болған себепті лағінетке ұшырады.
материал Аслан Орақбайдың «114» кітабынан алынды,
ummet.kz