29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Адам періштелерден құрметті әрі білімді еді

Адам періштелерден құрметті әрі білімді еді

Ислам тарихы

Ибн Аббас (Алла әкесі екеуіне разы болсын): «Алла оған көктер мен жердегі барлық нәрселердің атауын үйретті», – деген.

Бұл – жануар, ал анау – теңіз, мынау – құс, мынау – тау деген сияқты. Алланың үйретуімен Адам барлық нәрсенің атауын білді. Алла Тағала оған, сонымен қатар барлық еңбек өнерін: от жағуды, ағашты, темірді т.с.с. пайдалануды үйретті. Аллаһ оның бейнесін ғана емес, сондай-ақ білімін, ақыл-есін де өте жоғары дәрежеде сомдады. «Ол (Алла) Адамға барлық (нәрселердің) аттарын үйретті де, сонан соң соларды періштелерге көрсетіп: «Шындықты айтқан болсаңдар, Маған осы нәрселердің аттарын айтып беріңдер», – деді».

Алла Тағала мұнымен Адамның олардан құрметті әрі білімді екенін білдірді. Адамның осындай артықшылықтарын паш ету мақсатында Алла періштелерге Адамға сәжде етуді бұйырды. «Сонда періштелер (Аллаға):

– Сен Пәксің! Бізде Сенің үйреткеніңнен басқа білім жоқ. Расында, Сен – толық Білуші, өте Данасың, – деді.

(Алла Тағала):

– Ей, Адам! Оларға мыналардың аттарын айтып бер, – деді. Сонда (Адам) оларға ол (заттардың) аттарын айтып бергенде, (Алла)

– Мен сендерге аспандар мен жердің құпиясын білемін, сондай-ақ, сендердің жария ететіндерің мен жасырғандарыңды білемін деп айтпадым ба? – деді».

Бұл жерде періштелер нені жасырған еді? Олар «Алла ешқашан бізден құрметті және білімді жаратылыс жасамайды» деген сөздерін жасырған болатын.

 

материал «Пайғамбарлар қиссасы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: