Истиғфардың ақыреттегі пайдасы:
Күнәлардың кешірілу
Егер пенде истиғфар тілесе, күнәлары кешіріледі де, ол ахиретте азаптан құтылуына жәрдем болады. Аятта: «Ал енді кімде-кім жамандық жасаған соң немесе (күнәға батып) өз-өзіне қиянат жасағаннан кейін, Алладан кешірім тілесе, Алланың Ғафур (құлдары қанша жерден ауыр күнәға батса да, тәубелеріне келген
жағдайда өте кешірімді), Рахим (әсіресе тәубеге келіп Өзіне бет бұрған мүмін құлдарына ерекше мейірімді) екенін көреді.» ("Ниса" сүресі, 110-аят)
Тозақ азабынан құтылу
Имам Хасан әл-Басри «Тозақтың отыны – күнә. Истиғфар – сол отты өшіретін су», – дейді.
Жәннатқа кіруге себеп
Мухадд ис ғалым Имам ән-НаИстиғфар – жәннатқа« :апарар жолдардың бірі, өйткені ол күнәні жояды»,–деген. Ал хадис-шәрифте: «Кім Алладан кешірім сұраса истиғфар етсе) Алла оның барлық күнәларын кешіреді және ол пенде жәннатқа кіруге лайық болады.» (Сунан Тирмизи).
Әли Имран сүресінде де кешірім сұрағандарды былайша сүйіншілейді: «Раббыларыңның кешіріміне һәм шынайы тақуалар үшін әзірленген кеңдігі жеті қат аспан мен жердей болған жұмаққа асыға ұмтылыңдар.» ("Әли Имран" сүресі, 133-аят)
Қабір азабынан сақтайды
Истиғфарды көп айтқан пенде Алланың (с.ғ.с) мейірімімен қабір азабынан амандықта болуы мүмкін. Қабір – ақыреттегі алғашқы аялдама. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде: «Ақиқатында, қабір ақырет аялдамаларының алғашқысы. Егер пенде одан құтылса, қалғаны жеңілірек болады. Ал егер ол жерде қиындық көрсе, кейінгісі одан да ауыр болады»,–делінеді. (Ахмад Муснад, Сунан Тирмизи). Имам әз-Зәһәби «Истиғфар мен шынайы тәубе – пендені қабір азабынан қорғайтын ең сенімді қорған»,–дейді. Тәубе мен истиғфар – қабірдің қараңғылығын жарыққа айналдырады, пендені азаптан қорғап нұрға бөлейді.
Амал дәптерді нұрландырады
Егер адам шын жүрекпен истиғфар етсе, адам баласының бұрынғы күнәлары амал дәптерінен өшіріледі. Тәубесі қабыл болған шын ықыласпен кешірім тілеген пенденің амал дәптері оң тарафтан (жағынан) беріледі. Бұл – жәннатқа үміттің белгісі. Хадисте: «Кімде-кім күнә істесе, кейін истиғфар етсе ол күнә амал дәптеріне жазылмайды»,– делінеді. (Сунан Тирмизи). «Кімнің есебі жеңіл болса, ол құтылады» (Сахих Бухари) Имам Әбу Хамид әл-Ғазали «Дәптердің салмағы – күнәнің емес кешірілмеген күнәнің салмағы. Истиғфар – оны жеңілдететін амал»,– дейді.
Сират көпірінен жеңіл өту
Қиямет күні тозақ отының үстіне қылдан да жіңішке, қылыштан да өткір көпір (әс-Сират) құрылады. Сират көпірінен мүміндер ғана, күнәсі кешірілген құлдар ғана аман өтеді. Имам Бұхаридің Сахих Жамиғында: «Адамдар сираттан істеріне қарай өтеді. Кейбірі көз ілеспейтін жылдамдықпен өтсе, кейбірі қадамдап, енді бірі құлайды»,–деп сипатталады. (Сахих Бухари, 6573-хадис).
материал «Истиғфар» кітабынан алынды,
ummet.kz