29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Алла Елшісі (с.ғ.с):«Жеңілдетіңдер, қиындатпаңдар! Сүйіншілеңдер, қорқытпаңдар!»

Алла Елшісі (с.ғ.с):«Жеңілдетіңдер, қиындатпаңдар! Сүйіншілеңдер, қорқытпаңдар!»

Ислам тарихы

Әсіресе, діни өмірдің шектен тыс әлсіреген және діни шарттар бойынша адамдардың әжептәуір кемшіліктері болған кездерде адам баласына тассаууф қайырымдылық, мейірімділік және кешірімділікпен қарау керек.

Өйткені, мұндай қимыл – күнә, фитна, бұзақылық және мойынсұнбаушылық сияқты жаман істер жан-жақтан қоршаған осындай адамдардың түзеліп, жол табу ықтималдығын арттыратын ең берекетті іс.

Бірақ, күнәһарға қарсы кешірімділіктің жеке басқа тән жағдайларда болса жақсы екендігін айтқан жөн. Әйтпесе, құл ақысын таптайтындай қоғамға әсер етіп, қоғамның тыныштығы мен бақытына нұқсан келтіретін қателіктер мен зұлымдықтарға кешіріммен қарау және оларды ұнату дұрыс емес. Сонымен қатар дінді сырттай ұстанған адамдардың, күнәһарға ашу сезімімен қарауы да күмәнсіз қателік емес. Олар үшін күнәһардан аулақ болу - жүрегін оған жақындаудан туындайтын зияндардан қорғануы үшін шарт.

Өйткені, надандықпен өмір сүрген адамдарға күнәлар жағымды музыка сияқты нәпсіге ұнамды көрінеді де бейне бір ауыртпалығы сезілместен жасалуы мүмкін болады. Сондықтан күнәһардың күнәсін жеңіл санау – иләһи өлшемдерге нұқсан келтіреді һәм жүректің сол күнәға араласуына себеп болатындықтан қоғамға қауіп төндіреді. Яғни, күнәһарға деген кешірімділікті күнәға аудармау керек. Күнәға деген дұшпандықты да күнәһарға аудармаған дұрыс.

Қорыта айтқанда: «Жеңілдетіңдер, қиындатпаңдар! Сүйіншілеңдер (қуантыңдар), қорқытпаңдар!» - (Бұхари, Ілім 11) деген хадис дәстүріміз болмақ.

Әрине, діннің негізіне зиян келтірмеу және бағыттан алшақтамау шартымен істеу ләзім.

Уа, Раббым! Бізді көңілі иләһи хикметке толы, екі дүниенің сырларынан хабардар нағыз ғашықтардан еткейсің! Жүрегімізді Жаратушы үшін жаратылғандар алдында мейірімділік пен қайырымдылықтың көзі қылғайсың! Күнә мен кемшіліктерімізді сауапқа және жақсылықтарға айналдырғайсың!

 

материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: