«Олардың сөздері сені мұңайтпасын...» («Ясин», 76)
Адамдар кейде сендегі жоқ нәрсені сенде бар деп айтады. Тіпті, Пайғамбарымызды да сиқыршы, мәжнүн, өтірікші деп айтқан. Жүсіп Пайғамбарды ұрлық жасады деп айыптаған. Исаның анасы Мәриямды зинақор деп айыптаған. Қанша кемелдікке жетсең де, адамдардың тілдерінен аман қалу мүмкін емес.
Мұса Пайғамбар: «Иә, Раббым! Адамдар мен жайлы тек жақсы нәрсе айтсын деп сенен сұраймын», – депті. Алла: «Әй, Мұса! Мен өзіме қылмаған нәрсені қалайша саған қылмақпын?» – деп жауап берген екен.
Адамдар Алланың әйелі, баласы бар деп айтып жал жапқан. Сен осыдан кейін қалайша адамдардың сөзінен аман қалмақшысың?
материал Аслан Орақбайдың «114» кітабынан алынды,
ummet.kz