Пайғамбарымыздан (с.а.с.) келіп жеткен хадисте:
«Мұса Раббысынан: «Дәрежесі ең төмен жәннаттық кім?» – деп сұраған. Алла Тағала: «Ол – жәннаттықтар жәннатқа кіріп болғаннан кейін келген бір кісі. Оған: «Жәннатқа кір», – делінеді. Сонда ол: «Жәннатқа қалай кіремін?! Адамдар орындарын иемденіп, тиесілерін алып қойды ғой», – дейді.
Оған: «Жәннатта өзіңе дүниедегі патшалардың бірінде болған нәрсенің болуын қалайсың ба?» – делінеді. Ол: «Иә, уа, Раббым», – дейді. Оған: «Саған осы және тағы да сол сияқты», – делінеді. Ол: «Уа, Раббым, разымын», – дейді. Оған: «Саған осы және он есе сол сияқты», – делінеді.
Ол: «Уа, Раббым, разымын», – дейді. Оған: «Саған осымен бірге көңілің тартқан және көзің қызыққан нәрселер», – делінеді», – деп жауап қайтарған. Мұса Раббысынан тағы: «Дәрежесі ең жоғары жәннаттық кім?» – деп сұрады.
Сонда Алла Тағала: «Саған олар жайлы әңгімелеп беремін: Мен олардың қадір-қасиетін Өз қолыммен егіп, оны аяғына жеткіздім. Оны көз көрмеген, құлақ естімеген және ол адамзат көкейіне келмеген», – деп жауап берді. Алла Тағаланың кітабында да осы мағына қуатталған: «Ешбір жан Мен өздеріне жасырған қуаныштарды білмейді» («Сәжде» сүресі, 17-аят), – делінген.
материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,
ummet.kz