29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Алланың ең үлкен есімдері қайсылары?

Алланың ең үлкен есімдері қайсылары?

Ислам тарихы

Дәруіштің бірі Бәязид Бистамиден:

«Тақсыр, Алланың ең үлкен есімдері қайсылары?» - деп сұрайды. Бәязид: «Балам! Алла Тағаланың қай есімі кіші еді?! Надан болма! Алланың барлық есімдері үлкен. Сен Одан талабыңның қабыл етуін сұрасаң, жүрегіңді басқа нәрсенің орнығуынан қорғап қал! Оның есімдері надан жүректерде көрініс таппайды. Алайда, Оның нұрына бөленген жүрекке Алла Тағала әр сәт қаншама есімдерімен назар салады!» - деп жауап береді.

Сондықтан Алланың барлық есімдеріне көптеген аяттарда «ұлық» деген сипат беріледі. «Раббыңның ұлы есімін тәсбих ет (ұлықта)!» - ("Уақиға" сүресі, 96-аят) деп бұйырылады.

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) намаздың рүкуғында: «Сүбханә раббийәл азим» (ұлылық иесі Раббымды барлық нұқсан сипаттардан пәктеп, ұлықтаймын), сәждеде де «Сүбханә раббийәл ағлә» (ұлылардың ұлысы Раббымды барлық нұқсан сипаттардан пәктеп, ұлықтаймын!) - деп, осы бұйрықты орындаған.

материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: