29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Cендер қазір – қабір иелерінің арманындасыңдар

Cендер қазір – қабір иелерінің арманындасыңдар

Ислам тарихы

«Қап, әттеген-ай! Мәңгілік өмірім үшін қайтып келсем ғой!» – деп аһ ұрады. Бұл қабірдегілердің арманы: «Өмірім үшін қайтып келсем ғой!»(Фәжр, 24).

Аятта «Өмірге қайтып келсем ғой» деп айтылмады. Себебі шынайы өмір әлі басталмады. Шынайы өмір қабірге түскеннен кейін ғана басталады. Қабір адам үшін жұмақтың бір бақшасы немесе тозақтың бір шұңқыры болады. Қабірдегілердің арманы салихалы бір амал жасау болса, қазір сен сол армандасың. Ендеше қазір әрекет ет!

Хасан Басри қабір басында жанындағыларға: «Бұл мәйіт не нәрсені армандап жатыр деп ойлайсыңдар?» – деп сұрайды. Сол кезде олар: «Бұл дүниеге қайтып келіп, ізгі бір амал жасап қалуды», – деп айтады. Сонда Хасан Басри: «Ендеше сендер қазір – қабір иелерінің арманындасыңдар. Барынша амал жасаңдар», – дейді.

 

материал Аслан Орақбайдың «114» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: