29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Құлшылық пен күнәнің өлшемі

Құлшылық пен күнәнің өлшемі

Ислам тарихы

Егер саған құлшылық ету ауыр болып, ғибадат ләззатын сезінбесең, керісінше, күнә жасау жеңіл боп, одан рақат алсаң, білгін: сен шынайы түрде тәубе етпегенсің (тәубең қабыл болмаған). Тәубе дұрыс болғанда, құлшылық та дұрысталар еді.

Құл өз қожайынына қалай бойсұнса, сен де Раббыңа солай бойсұнуың керек. Сен өзіңе қызмет ететін құлыңның әр сәт дайын тұрғанын қалайсың. Ал неліктен өзің Алланың ғибадатына дайын тұрмайсың? Құлшылық қылуды қалаймын дейсің де, намаздан шыққанша асығасың. Сенің құлшылықты жақсы көремін дегенің қайда? Қане енді, адамдардың ғана жақсылығын елеп, Алланың жақсылығын көрмей қалған көз соқыр болып қалса!

Адамдардың есігінің алдында тұрып қанша рет қорлық көрдің. Адамдар сені қорласа да, әлі де Раббыңа қайтпайсың. (Раббыңа қайтсаңшы, Ол сені қор қылмайды ғой!)

Шейх Макиниддин әл-Асмар айтты: “Түсімде бір хор қызын көрдім, ол: «Мен – сеніңмін, сен – менікісің», – деп айтып жатқан еді. Сол көріністен кейін екі-үш ай адамдардың сөзін ести алмай қалдым. Хор қызының сөзінің кереметтілігі соншалық, мен тіпті адамдардың сөзін естігенде құсатын болдым”.

Бұл дүниеге тамсанып қарауың – ақыреттен бет бұруыңа жеткілікті. Раббың айтты: «Біз олардың кейбіріне сынау үшін берген дүние сәніне көзіңді тіктеме» ("Таһа" сүресі, 131-аят).

Алла Тағаланың сипаттарын тану үшін Алла саған денсаулық пен ауруды, байлық пен кедейлікті, қуаныш пен қайғыны береді. (Егер адамдар ауырмаса, кедей болмаса, өзін мұқтажсыз сезінетін еді. Қуанышты не үшін береді? Жәннатпен салыстырып, қызығу, талпыну үшін. Қайғыны не үшін береді? Тозақтан қорқыту үшін. Егер мұның бәрі болмаса, адамдар жәннатқа талпынбайтын, тозақтан қорықпайтын еді).

материал «Тәжул-арус» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: