29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Мал-дүние сахабалардың жүректерінде емес, қолдарында болды

Мал-дүние сахабалардың жүректерінде емес, қолдарында болды

Ислам тарихы

Мал-дүние сахабалардың жүрегінде емес, қолында болды.

Бұған дәлел ретінде мұсылман әскеріне көмек керек болғанда Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын) мал-мүлкінің жартысын, Әбу Бәкір Сыддық (Алла оған разы болсын) мал-мүлкінің бәрін бергенін, Абдуррахман ибн Ауф (Алла оған разы болсын) жеті жүз түйеден тұратын керуенді заттарымен бірге ұсынғанын, Осман ибн Аффан (Алла оған разы болсын) болса, жағдайы жоқ әскерлерді жасақтауды өз мойнына алғанын және басқа да игі істерін білу жеткілікті (Алла олардың барлығына әрдайым разы болсын).

Қасиетті аяттар олардың ішкі дүниесін де, сыртқы бейнесін де тазартты. Алла Тағала оларды мақтады әрі олармен мақтанатынын білдірді.

Демек, бұдан дүниені пайдалану екі түрлі болатыны белгілі болды:

— Мал-мүлікті, байлықты осы дүние үшін пайдалану — бейғам, Алламен байланысын үзген кісілердің жағдайы;

— Мал-дүниені, байлықты ақырет үшін пайдалану (ақырет жолында жұмсау) — сахабалар мен алдын өткен ізгілердің жолы.

 

материал «Тәжул-арус» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: