29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Күнә ризықтың тоқтап қалуына себеп болады

Күнә ризықтың тоқтап қалуына себеп болады

Ислам тарихы

Біліп қой, ей, пенде! Күнә жасаудан барынша сақтан!

Себебі күнә ризықтың тоқтап қалуына себеп болады. Сондықтан Аллаға тәубе ет. Тәубең қабыл болса – нұр үстіне нұр, егер тәубең қабыл болмаса, Алладан жәрдем сұрап, былай деп жалбарын: «Раббымыз! Біз өз-өзімізге зұлымдық қылдық. Егер Сен бізді кешірмесең, әрине біз зиянға ұшыраушылардан боламыз» ("Ағраф" сүресі, 23-аят).

Сен қырық жыл бойы Алланың есігін қақпаған кісі секілді болма (яғни дұға қылмайтын, кешірім тілемейтін, тәубе етпейтін кісілердің қатарына кірме).

Сен үшін ең үлкен қауіп – соңғы сәтіңнің жаман аяқталуы. Алла одан сақтасын! Күнә жүректе қара дақ қалдырады, сол дақ жүректегі иманның шоғын бірте-бірте сөндіреді. Адам күнәнің үстіне күнә жасап, тәубе етпесе, жүрегі қап-қара түнекке айналады (Алла сақтасын, осылайша оның соңы жаман аяқталуы мүмкін).

материал «Тәжул-арус» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: