29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Əзірет Білəлдің (р.а) соңғы азаны

Əзірет Білəлдің (р.а) соңғы азаны

Ислам тарихы

Балалар өскен сайын, əзірет Фатиманың (р.а)  ісі де қиындай түсті. Өзі онсыз да өте жүдеу болатын. Үйде тіске басарлық бір нəрсе табу да қиын еді.

Балалары да, өзі де тойып ештеңе жей алмайтын. Балалары тəй-тəй басып жүре бастағанда, əзірет Фатиманың (р.а) үй шаруасына көмектесетін адам керек болды. Алайда ондай ешкім жоқ болатын.

Сахабалар кейде əзірет Фатиманың үйіне соғып, үй шаруасына қол ұшын беретін.

Бір күні Білəл Хабаши əзірет Фатиманың (р.а) үйінің алдынан өтіп бара жатады. Əзірет Фатима диірменге ұн тартып жатыр екен, бір жақта баласы Хүсейін жылап жатады. Намаз уақыты жақындаған. Мешітке баруы керек. Не істерін білмей, «мешітке барсам ба, əлде Фатимаға (р.а) көмектессем бе?» деп ойланады. Соңында, Фатимаға: «Ұнды мен тартайын, сен балаға қара немесе сен ұн тартып болғанша, мен балаға қарай тұрайын», – дейді.

Əзірет Фатима (р.а) қуанып кетеді де, «Сен ұн тарт, мен балаға қарайын», – дейді. Білəл ісін аяқтап, мешітке кешігіп барады. Алла елшісі Білəлден неге кешіккенін сұрағанда: «Фатимаға соқтым. Оған көмек керек екен. Ұн тартуға көмектестім», – деп жауап береді. Алла елшісі ризашылығын білдіріп: «Оған көмектескенің үшін Алла да саған рақым жасасын!» – деп Білəл үшін дұға етеді...

материал «Фатима анамыздың өмірі (р.а)» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: