Тақуалық екі нәрседен тұрады: күнәдан сақтану және Алланың әмірлерін орындау. Алланың бұйрықтарын орындап күнәдан сақтанбау – тақуалыққа қайшы келеді. Алланың тыйымдарынан тыйыла отырып, оған бойұсыну әсте мүмкін емес.
Имам Әбу Ханифа (Алла ол кісіні рахымына алсын) өзінің ұлы Хаммадқа былай деді:
- Уа балам, Алла Тағала сені тура жолға салсын әрі саған жәрдем берсін! Мен саған сондай бір өсиеттер айтамын, егер сен оларды жаттап және сақтауға күш салып, амал ететін болсаң, онда Алланың қалауымен мен сенің дініңде де, дүниеңде де бақытты (болуыңды) үміт етемін. Алла Тағаладан қорыққандықтан жан-тәніңді күнәдан сақтап, құлы болғандықтан, Оның бұйрықтарын орындап тақуалыққа көңіл бөл!
БІРІНШІСІ:
Алла Тағаладан қорыққандықтан жан-тәніңді күнәдан сақтап, құлы болғандықтан, Оның бұйрықтарын орындап тақуалыққа көңіл бөл!2
ЕКІНШІ:
Білуің керек нәрсеңді үйренбей, надандықта жүрме!
ҮШІНШІ:
Өзіңнің діни және дүниелік істеріңде қажет болған адаммен ғана аралас!
ТӨРТІНШІ:
Басқаға ынсапты бол, бірақ өзгенің саған ынсапты болуын тек зәрулік жағдайда талап ет!
БЕСІНШІ:
Мұсылман болсын, зимми болсын ешқайсысымен жауласпа!
АЛТЫНШЫ:
Алла Тағала сені ризықтандырған байлығы мен абыройына қанағат ет!
ЖЕТІНШІ:
Адамдарға мұқтаж болмай, өзіңнің қолыңдағы бар нәрсені дұрыс бағындыра біл.
СЕГІЗІНШІ:
Адамдар саған жоғарыдан менсінбей қарайтындай дәрежеге жеткізетін әрекет жасама!
ТОҒЫЗЫНШЫ:
Әрдайым өзіңді пайдасыз, артық әңгімеден аулақ ұста!
ОНЫНШЫ:
Адамдармен жүздескенде әрқашан бірінші болып сәлем бер! Оларға жақсы сөз сөйле! Жақсы адамдарға сүйікті бол, нашар адамдармен мүләйімсін! Яғни, нашар адамдардың жамандығынан сақтану мақсатында, олармен сыпайы болу керек. Кері жағдайда олардың жамандығына ұшырауы мүмкін.
материал «Имам Ағзамның өсиеттері» кітабынан алынды,
ummet.kz