29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Мал-дүниенің діни зияндары

Мал-дүниенің діни зияндары

Ислам тарихы

Мал-дүниенің діни зияндары:

Күнәға итермелеуі

Мал адамда күш-қуат сезімін оятады. Қашан адам күнәға бейім болса, мал оған жол ашып береді. Ал егер адам сабыр ете алмаса, малымен бірге құриды. Сабыр – құдіреттің тежегіші. Бірақ байлық сынағы кедейлік сынағынан ауыр.
Рұқсат етілген нәрселерге шектен тыс әуестік. Мал иесін ләззатқа жетелейді. Бұл әдетке айналып кетсе, ол одан бас тарта алмай қалады. Малдың пайдасы шүбәсіз жолдан табылмаса, ол харамға жетелейді. Осылайша адам нәпсіге еріп, адамдармен араласқанда екіжүзділік, дұшпандық, көре алмаушылыққа
тап болады.

Алладан алаңдатуы.

Бұл – ешкім құтыла алмайтын зиян. Байлық адамды ойға батырады: жер иесі болса, диқанның кемшілігін, алым-салық мәселесін, билікпен есеп-қисабын ойлайды; саудагер болса, серігінің қиянаты мен өз еңбегінің аздығына налиды; тіпті қазына жинап отырған кісі де малын қалай сақтаймын, қайда жасырамын деп уайымдайды.
Мұның бәрі – жүректі бос әуре-сарсаңға салатын нәрселер. Ал шын мәнінде жүрек Алланы еске алуға, Оның ұлылығын ойлауға арналады.

Кімнің күнделікті нәпақасы жеткілікті болса – ол қауіп-қатерден, уайымнан, қайғыдан аман. Артық қалған малды жақсылыққа жұмсау керек. Ал оның сыртында – тек уайым, әуре-сарсаң және түрлі апаттар бар.

материал «Дүния» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: