29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Ғайбаттан сақтан, ол – адамдардың иттеріне берілетін тамақ

Ғайбаттан сақтан, ол – адамдардың иттеріне берілетін тамақ

Ислам тарихы

Құранда ғайбат туралы ашық тыйым келтірілген, әрі оны өлі ет жеумен теңеген.

Хадисте: «Расында, сендердің қандарың, малдарың және ар-намыстарың сендерге харам» – делінген.

Әбу Барза әл-Асламиден риуаят: Пайғамбарымыз (с.а.у.) айтты: «Уа, тілімен иман келтіріп, жүрегіне иман кірмегендер! Мұсылмандарды ғайбаттамаңдар, олардың айыптарын аңдымаңдар. Кім бауырының айыбын аңдыса, Алла оның айыбын аңдиды, ал Алла айыбын аңдыса, оны үйінің ішінде болса да әшкерелейді».

Тағы бір хадисте: «Ғайбаттан сақтаныңдар! Өйткені ғайбат – зинадан да ауыр. Адам зина жасап, ішсе де кейін тәубе қылса, Алла оны кешіреді. Бірақ ғайбат айтқан адамның күнәсін, ол жамандаған бауыры кешірмейінше, Алла кешірмейді»

Әли ибн Хусайн (р.а.) айтты: «Ғайбаттан сақтан, өйткені ол – адамдардың иттеріне берілетін тамақ». Бұл жайында көптеген хадистер мен  риуаяттар бар...

 

материал «Он бәленің тоғызы тілден» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: