29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Тәшәһһудты жасырын оқу - Пайғамбардың (с.ғ.с) ісі

Тәшәһһудты жасырын оқу - Пайғамбардың (с.ғ.с) ісі

Ислам тарихы

Тәшәһһуд дұғасы іштей оқылады.

Әбу Дәуіттегі хадисте сахаба Абдулла былай деген: «Тәшәһһудты жасырын оқу – Пайғамбарымыздың ісі». (Хадистің тізбегі –сахих)

Әуелгі отырыста тек тәшәһһуд оқылады. Ибн Әби Шәйбәның «Мұсаннаф» атты хадис кітабында сахаба Абдулла ибн Омар (р.а) былай дейді:  «Біз екінші рәкағаттан кейінгі отырыста (әуелгі отырыс) тек тәшәһһуд (әттахият) дұғасы үшін ғана отыратынбыз».

Соңғы отырыста «тәшәһһуд» (әттахият) дұғасынан кейін салауат айтып, Құраннан және сүннеттен дұғалардың бірін оқиды. Ибн Мажәда риуаят етілген «Сахих хадисте» Ибн Әби Ләйлә былай дейді:

«Кәғб ибн Ұжраны кездестірдім. Ол маған: «Саған бір сый жасайын ба? Бір күні бізге Пайғамбарымыз келген еді. Біз оған: Біз сізге намазда қалай сәлем жолдауды үйрендік(әттәхият (сәлем) дұғасын үйренік). Енді сізге салауатты қалай айтамыз? – дедік. Ол былай айтыңдар деді: «Аллаһумма салли алә Мухаммәдин уә алә әәли Мухаммәд. Кәмә саллайта алә Ибраһима иннәкә хамидум мәжид. Аллаһумма бәрик алә Мухаммәдин уә алә әәли Мухаммәд. Кәмә бәракта алә Ибраһима иннәкә хамидум мәжид», – деді (Ибн Мажә сүнәні, 25 баб/ 904-хадис; Сахих Мүслім – 192-бет).

Тәшәһһудтан кейін салауат айту жайында Сахих Мүслімде де келген. Ибн Әби Шәйбаның риуаят етуі бойынша сахаба Абдулла ибн Мәсғұд (р.а.) былай деген: «(Соңғы отырыста) Адам тәшәһһуд дұғасынан кейін Пайғамбарымызға салауат айтып, кейін өзіне дұға тілейді»..

Бұл хадистен түсінгеніміз, тәшәһһуд дұғасы мен салауатты оқып болып, дұға айту ғалымдарымыздың басым көпшілігінің пікірі бойынша – ұнамды іс (мәндуп)   (Ибн Мажә шархы, әс-Сәнәди, 909 хадис түсіндірмесі).

материал «Дәлел дәйектермен намаз оқу үлгісі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: