29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Адамдардың қолындағыдан үміт үз – ең бай адам боласың

Адамдардың қолындағыдан үміт үз – ең бай адам боласың

Ислам тарихы

Кедейлік мақтаулы, бірақ кедей қанағатшыл, адамдардың қолындағыдан үмітін үзген, олардың қолындағыға көз салмайтын болуы тиіс. Дүниені қалай болса да табуға құнықпай, өзіне жетерліктей ас пен киімге қанағат етеді.

Амр ибн әл-Асдан (р.а.) риуаят етілген: Расулулла (с.ғ.с) «Исламды қабылдап, жеткілікті несібеберіліп, Алланың бергеніне қанағат қылған адам құтылды» деді. (Сахих Муслим).

Сүлеймен ибн Дәуіт (а.с.): «Біз өмірдің бәрін ауырлықта өткіздік, ұлым үшін бір арпа тапсам, ол бізге жетер еді» деді.

Жәбірден (р.а.) келген хадисте Пайғамбар (с.ғ.с) «Қанағат – таусылмайтын байлық» деді.

Әбу Хазим: «Үш нәрсе толық ақылдың белгісі: өзін таныған, тілін сақтаған, несібесіне қанағатетіп, Алладан қорыққан» деді.

Даналардың бірі: «Қанағат – абыройдың бауыры» деді.

Расулулла (с.ғ.с) одан тыйды да: «Ей адамдар! Талапта әдемі болыңдар, өйткені құлға жазылғанынан басқа нәрсе жетпейді» деді.

Құнығудан да тыйып: «Адамдардың қолындағыдан үміт үз – сонда ең бай боласың» деді. Даналардың бірінен: «Құныққандық деген не?» – деп сұрады.

«Барға күмәндану» - деп жауап берді.

«Ал жоғалтатының не?» – деді. «Арманың» - деді.

«Ал табатының не?» – деді. «Жоқшылық» - деді. Тағы айтылды: «Құмарлық патшаны қорлайды, ал үмітсіздік кедейді ардақтайды».

 

материал «Дүния» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: