Қажыларымызға қолайлы жағдай жасау мақсатында ҚМДБ қазақстандық және шетелдік әуекомпаниялар арасында 4000 қажыны тасымалдау үшін ашық конкурс жариялаған болатын.
Жаңалықтар
РАНТ мүшесі Астана жамағатымен кездесті (фото)
Астана қаласына ресми іссапармен келген РАНТ мүшесі, исламтанушы, «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков бірқатар кездесулер өткізіп, елорда жамағатына уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.
Қыздар арасында Құранды жатқа оқудан іріктеу өтті
Алматы облысының Іле ауданына қарасты «Арын қажы» мешітінде қыздар арасында ІІІ Республикалық Құран байқауының іріктеу сайысы өтті.
Бас мүфти бата беру байқауының жеңімпаздарын марапаттады (фото+видео)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Астанадағы Бас мешітте ақсақалдар арасында өткен І республикалық бата беру байқауының марапаттау рәсіміне қатысты.
І республикалық бата беру байқауы басталды (фото)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Астана қаласында Бас мешітте ақсақалдар арасында І республикалық бата беру байқауы басталды.
Мешіттегі шаштараз мүгедектігі бар жандарға тегін қызмет көрсетеді (фото)
Елордасы Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде орналасқан шаштараз орталығы мүгедектігі бар жандарға тегін қызмет көрсету акциясын өткізіп келеді.
ҚМДБ Қажылық бөлімі: Жалған ақпарат жарға жығады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2023 жылғы қажылық маусымына ашық конкурс негізінде қажылық орындарын бөлген 18 туроператордың құлшылықты ұйымдастыру барысындағы кедергілері жайлы хабарлаған болатынбыз.
Марокко Корольдігінің өкілі – Діни басқармада (фото)
Марокко Корольдігінің Сыртқы істер, африкалық ынтымақтастық және шетелде тұратын марокколықтыр жөніндегі министрліктің Азия және Океания істері жөніндегі департаментінің директоры Абделқадер әл-Ансари Қазақстанға ресми жұмыс сапары аясында Діни басқармаға арнайы келді.
Литвалық ислам ғалымы – діни басқармада (фото)
Литва Республикасының Ұлы Витаутас университетінің исламтану профессоры, дінтанушы Эгдунас Рачиус қызметтік іссапарымен елордаға келді.
Бас мүфти Бекет ата мешітінің іргетасын қалады (фото)
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау қаласына сапарында Балықшы шағынауданында бой көтеретін жаңа мешіттің іргетасын қалады.
Бас мүфти Атыраудағы мешіттің ашылуына қатысты (фото)
Атырау қаласының Ракуш ауылында жаңа мешіт ашылды. «Ықылас» деп аталатын мешітінің ашылу салтанатына ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы келіп қатысты.