30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Атырауда Бейбарыс Сұлтанның 800 жылдығына арналған конференция өтуде (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Атырау қаласындағы Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті ғимаратында Дешті Қыпшақ даласынан шыққан даңқты бабамыздың 800 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА БАРЫСЫ – БЕЙБАРЫС СҰЛТАН» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталды.

Жаңаөзен қаласына жаңадан бас имам тағайындалды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында орналасқан орталық «Әбіш қожа» мешітінің бас имамы болып Қажымұқан Дауылбайұлы тағайындалды.

«Пайғамбар хадистері мен қазақ мақал-мәтелдері» кітабы жарық көрді (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Muftiyat» баспасынан «Пайғамбар хадистері мен қазақ мақал-мәтелдері (ұқсастықтары мен ерекшеліктері)» кітабы жарық көрді. Кітап авторы – ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, PhD докторы Батыржан Мансұров.

Бауыржан Әлиұлын еске алуға арналған Құран жарысы өтті

Еліміздегі жоғары оқу орындары студенттері арасында қасиетті Құран Кәрімді жатқа оқудан жарыс биыл Нұр-Мүбарак университетінде өзгеше сипатта ұйымдастырылды. Яғни қари студенттер арасындағы жарыс аз ғұмырында артынан өшпес із қалдырған ұлағатты ұстаз Бауыржан Әлиұлын еске алу құрметіне арналды.

Елордада 400 студентке ауызашар берілді

ҚМДБ Астана өкілдігі «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен елордадағы Еуразия ұлттық университетінің  жатақханасында тұратын 400 студентке ауызашарға арналған ыстық тамақ таратылды.  

Мүфтият Түркістанда ауызашар берді (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Түркістан қаласында зиялы қауым өкілдеріне, қарттар мен ақ жаулықты аналарға арнайы ауызашар берді. Ауызашар дастарқанына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, жамағатқа уағыз айтты.

Түркия: Бурсадағы қазақ студенттеріне ауызашар берілді

Алматы орталық мешіті ҚМДБ «Уақып» қорының қолдауымен Түркия Республикасының Бурса қаласында білім алып жатқан қазақ жастарына ауызашар дастарқанын жайды.

Бас мүфти Түркістанда мешіт жамағатына насихат айтты (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына барған сапарында Қожа Ахмет Ясауи мешітінде жамағатқа насихат айтты.

Арақ-шарапсыз шаһар: Форум үндеуі қабылданды (фото)

Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың 930 және Түркістан облысының 5 жылдық мерейтойына орай «Қариялар – дәстүрімнің қазығы» тақырыбында Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары ақсақалдары форумының Үндеуі қабылданды.

«30 күнде 30 баспана»: Мешіт тазалықшысына үй берілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен «30 күнде 30 баспана» республикалық акциясы аясындағы кезекті баспана Маңғыстау облысында берілді.