Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына барған сапарында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде «Діни оңалту жұмыстарын жүргізудің тиімді тәсілдері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру оқу курсының ашылуына қатысты.
Жаңалықтар
Мешіт имамдарына қызметтік үй берілді
Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында осыдан бір жыл бұрын құрылысы басталған қызметтік баспананың кілті мешіт имамдарына табысталды.
Жетісу жерінде жаңадан мешіт ашылды
Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласына қарасты Жастар-2 ықшамауданында Алланың үйі – мешіт жаңадан бой көтеріп, жамағатқа есігін айқара ашты.
Мысырдағы қазақ студенттері Мәуліт кешін өткізді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Мысыр Араб Республикасындағы өкілдігі, осы елдегі «Талаба» қауымдастығының ұйымдастыруымен рухани мәуліт кеші өтті.
Мәуліт кешінде 4 адамға ұмра жолдамасы берілді
Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйытқы болуымен Теміртау қаласының мәдениет үйінде «Теңдессіз тұлға Мұхаммед (ﷺ)» атты рухани Мәуліт кеші өтті.
Бас мүфти Пайғамбарымыздың (ﷺ) мүбәрак сақал-шәрифін көру іс-шарасына қатысты (фото+видео)
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Астанадағы Бас мешітте ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) мүбәрак бір тал сақал-шәрифін көру іс-шарасына қатысты.
Бас мүфти «Парасат» орденімен наградталды (фото)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 14 қазандағы Жарлығы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Парасат» орденімен наградталды.
Бакуде түркі-ислам мұрасына арналған халықаралық конференция өтті (фото)
Әзербайжан астанасы Бакуде Мүфтилер кеңесінің үшінші отырысы аясында «Түркі-ислам мұрасының байлығы және оның қазіргі заманның өзекті мәселелері тұрғысынан маңызы» атты халықаралық конференция өтті.
Түркітілдес елдердің мүфтилері Шуша қаласының тарихи орындарымен танысты (фото)
Түркі мемлекеттері ұйымы мүфтилер кеңесінің жұмыс жоспарына сай қонақтар Әзербайжанның оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1400 метр биіктікте орналасқан Шуша қаласының тарихи орындарын аралады.
Бас мүфти түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысымен жүздесті (фото)
ҚМДБ Төрағасы Бакуде Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Бағдат Әміреевпен кездесті. Екіжақты кездесуде Мүфтилер Кеңесінің отырысы әңгімеге арқау болды.
Түркі мүфтилер кеңесінің ережесі бекітіліп, қол қойылды (фото)
Әзербайжанның Шуша қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы Мүфтилер кеңесінің ережесі бекітіліп, дін басшылары қол қою рәсімін өткізді. Осылайша кеңес аясында бірлескен декларация қабылданды. Жиында сөз алған ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Шушадағы тарихи басқосудың маңызына тоқталды.