Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ІІ республикалық мұсылман әйелдерінің «Әсем киім – әйел ажары» сән киім байқауына қатысып, мүфтият жанындағы Әйел-қыздар секторының аймақтағы өкілдерін алғыс хатпен марапаттап, игі тілегін білдірді.
Жаңалықтар
ҚМДБ Төрағасы 576-пәтер кілтін табыстады (фото)
Адамзаттың ардақтысы Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбар дүниеге келген Мәуліт айының құрметіне орай Астана төрінде өткен «Үмметін сүйген Мұхаммед» рухани-қайырымдылық кешінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Ел үлесі – пәтерге» жобасының 576-пәтер кілтін салтанатты түрде табыс етті.
Қарағанды: Ауыл халқын қуантқан жаңа мешіт
Қарағанды облысы Осакаров ауданына қарасты Садовое ауылында көк күмбезді жаңа мешіт халыққа есігін айқара ашты.
«Мешіт құсы» атанған ақсақалға кіші қажылыққа жолдама берілді (фото)
Астана төрінде өткен «Үмметін сүйген Мұхаммед» атты Мәуліт кешінде ҚМДБ Астана өкілдігінің ұйымдастыруымен бірқатар тұрғындарға «Мәуліт сыйы» берілді. Олардың қатарында «Мешіт құсы» атанып кеткен Сансызбай Төкенұлы да бар.
Бас мүфти Астанадағы Мәуліт кешінде насихат айтты (фото)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Наурызбай қажы Тағанұлы Астанадағы «Qazaqstan» концерт залында өткен мәуліт кешіне қатысып, жамағатқа уағыз айтты.
ҚМДБ Төрағасы Ислам энциклопедиясын шығару бойынша жиын өткізді (фото)
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына барған сапары барысында Ислам энциклопедиясын құрастырушы ғалымдармен кездесті.
Бас мешітте шәкірттерге Мәуліт кеші өтті (фото)
ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешітте осы мешіттің нәзік жанды шәкірттеріне арналған «Мейірім шыңы – әз Пайғамбар (ﷺ)» атты мәуліт кеші өтті.
Халал тақырыбында халықаралық семинар басталды (фото)
Алматыда «Азия-Араб өңірінде OIC/SMIIC «Халал» стандарттарын қолдануды ілгерілету жобасы» тақырыбында халықаралық семинар-тренинг басталды. Үш күнге жоспарланған халықаралық шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен маман Данияр Сафиев қатысуда.
Елордада «Уақып» қорының семинары өтті
ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің діни қызметкерлеріне арналған «Уақып – сарқылмас сауап» тақырыбында семинар өтті.
Наурызбай қажы Тағанұлы діни оңалту жөнінде арнайы сұхбат берді (фото)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына жұмыс сапары барысында «Жетісу» телеарнасының «Бүгінгі дін» бағдарламасына арнайы сұхбат берді.
Әйел-қыздар секторы квиз ойын жарысын өткізді
ҚМДБ Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен Алматы қаласы əйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Мәуліт айының құрметіне орай екі дүниенің сардары, адамзаттың асыл тәжі, соңғы елші, ардақты да сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) өмірбаянынан жастар арасындағы КВИЗ ойын жарысы өткізілді.