30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Жоғары мәртебелі имам «Әзірет Сұлтан» мешітінде бесін намазына қатысты (фото)

Мұсылман әлемінің әйгілі дін ғұламалары ілім алған, талай діндарлар түлеп ұшқан әл-Азһар университетінің шейхы, Жоғары мәртебелі имам Ахмет Тайып бүгін елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде болып, бесін намазына қатысты.

ҚМДБ Төрағасы Әл-Азһар шейхымен кездесті (фото)

Бүгін елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мұсылман әлемінің әйгілі дін ғұламалары ілім алған, талай діндарлар түлеп ұшқан, дәстүрлі Исламды жоғары деңгейде оқытатын жаңашыл озық оқу орны, мәшһүр әл-Азһар университетінің шейхы, Жоғарғы имам Ахмет Тайыппен кездесті.

Мемлекет басшысы Әл-Азһар шейхы Ахмет Тайыппен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әл-Азһар» университетінің Жоғарғы имамы, шейх Ахмет Тайыппен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Сығанақи институтына 46 шәкірт оқуға қабылданды (фото)

Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан ашылған Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы Ислам институтына 46 шәкірт оқуға түсті. Бұл туралы институттың басшылығы хабарлады.

Әл-Азһар шейхының Қазақстанға келуінің қандай маңызы бар?

16 қыркүйекте елордадағы Республикалық бас мешітте әл-Азһар шейхы, Жоғарғы имамы шейх Ахмед Тайыптың жұма уағызын айтатыны жөнінде хабарлаған болатынбыз. Бұл – ел мұсылмандары үшін айтулы оқиға. Ал әл-Азһар шейхының Қазақстанға келуінің қандай маңызы бар?

«Уақып» қоры 234 377 отбасыға қайырымдылық жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған «Уақып» қайырымдылық қоры 234 377 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті. Бұл туралы «Уақып» қорының басқарма төрағасы Ардақ Оразбаев айтты.

Қоғаммен байланыс: 2000-нан астам іс-шара ұйымдастырылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғаммен байланысқа ұдайы көңіл бөліп келеді. Осы бағытта жыл басынан бері 2000-нан астам іс-шара атқарылды. Бұл туралы ҚМДБ Қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет айтты.

ҚМДБ ақпарат ресурстарына 24 299 контент жарияланды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының www.muftyat.kz ресми сайтына және өкілдіктерге қарасты барлық ақпарат ресурсына жыл басынан бері 24 299 контент жарияланды. Бұл туралы ҚМДБ Ақпарат бөлімінің меңгерушісі Ағабек Сыдықов айтты.

Жыл басынан бері 92 155 уағыз-насихат айтылды

2022 жылдың алғашқы сегіз айында мешіт имамдары, РАНТ және ЖАНТ мүшелері жамағатқа 92 155 уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров айтты.