Әл-Азһар шейхы, Жоғарғы имам Ахмет Тайып 14-15 қыркүйек күні елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне, сондай-ақ 16 қыркүйек күні ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешітте жұма намазына қатысып, уағыз айтады.
Жаңалықтар
Қазақстанға әл-Азһар шейхы келеді (фото)
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласына әл-Азһар шейхы, Жоғарғы имам Ахмет Тайып келеді. Ахмет Тайып 14-15 қыркүйек күні елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне қатысады деп күтілуде.
Елімізде 8 айда 17 938 адам діни сауат ашты
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты республиканың түкпір-түкпіріндегі мешіттерде 2022 жылдың алғашқы 8 айында 17 938 тұрғын діни сауат ашу курсын тәмамдады. Бұл туралы ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейітбеков айтты.
Шариғат және пәтуа мамандары 98 300 сұраққа жауап берді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының еліміз бойынша шариғат және пәтуа бөлімі 8 ай ішінде 98 300 діни сұраққа жауап берді. Бұл туралы ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, наиб мүфти Сансызбай Шоқанов айтты.
Мешіт қызметкеріне Ұмра сертификаты табысталды
ҚМДБ "Зекет және қайырымдылық" қоры Алматы өкілдігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласы Әуезов аудандық “Ақсай” мешітінің ұйытқы болуымен 10 жылдан астам қызмет етіп, дәретхана тазалап келген Сапарбекұлы Әмірсейіт ағамызға тосын сый ретінде ұмра сертификаты табысталды.
ШҚО: Баспана табыс етілді
«Зекет және қайырымдылық» қоры ШҚО өкілдігінің ұйтқы болуымен Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында тұратын мұқтаж отбасыға баспана берілді.
Шымкент: Концептуалды құжаттарды насихаттау жұмысы талқыланды
ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігі «Концептуалды құжаттарды насихаттау мәселелері» тақырыбында діни семинар ұйымдастырды.
Ұлытау: Діни оңалтуға қатысты жиын өтті
Ұлытау облыстық «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінде бас имам Елдос Жұмаділданың жетекшілігімен діни оңалту бағытына қатысты жиын өтті.
ҚМДБ Төрағасы жеті бағыт бойынша жұмыс есебін тыңдады (фото)
Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезекті Аппарат жиналысы өтті. Онда қаңтар-тамыз айларында жеті бағыт бойынша атқарылған жұмыс есебі тыңдалды.
Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институты ашылды (фото)
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институты ашылды. Оқу орнының ашылу салтанатына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, институт жұмысына сәттілік тіледі.
Атырау имамдарының көшпелі жиыны өтті
Атырау облысы имамдарының кезекті көшпелі жиыны Индер аудандық мәдениет үйінде өтті. Жиын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен «Зират және зиярат әдебі» құжатына арналды.